Қарқаралы орманынан алапат өрт шықты: оны сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды (ВИДЕО)
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында табиғи өртті оқшаулады

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы орманнан алапат өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бақты орманшылығының ашық аумағында құрғақ шөптер мен тоғайшалардың өртенуі тіркелді.
Қазіргі уақытта ТЖМ үш әуе кемесімен 6 су төгу жұмысы іске асырылды.
«Өртті жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 бірлік техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар ТЖМ Қазавиақұтқару үш әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, ЖАО, Бақты орманшылығы, Кува орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды», - делінген ведомство хабарламасында.