Алматының бір бөлігі суық сусыз қалды

Автор: Асыл Арман

Жөндеу жұмыстарына байланысты су өшірілді

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының Медеу ауданының бір бөлігінде желілердегі техникалық жұмысқа байланысты суық су өшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаңа сумен жабдықтау желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты 28 сәуірде сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Медеу ауданының бір бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады», - деп хабарлады «Алматы су».

Шығыс айналма жолы – Халиулина – Бригадная – Кеңсай – Верненская көшелерінде су беру тоқтатылды.

Осы уақыт ішінде әлеуметтік нысандарға су автоцистерналармен жеткізіледі.