Түркияда тағы да қуатты жер сілкінісі болды
Жерасты дүмпулерінің ошағы 400 мыңға жуық адам тұратын провинция орталығында болды

Түркияда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркия үкіметінің Табиғи апаттарды басқару мекемесінің (AFAD) мәліметінше, 27 сәуір күні кешке елдің оңтүстік-шығысында 4,9 балдық жер сілкінісі болды.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 400 мыңға жуық адам тұратын провинция орталығы Элязыгтен 44 шақырым жерде орналасқан Сивридже округінде болды.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:09-да болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 11,3 шақырым тереңдікте болған.
Провинция губернаторы Нуман Хатипоглу X әлеуметтік желісінде «Қазіргі уақытта апаттың жағымсыз салдары туралы ешқандай ақпарат жоқ» деп хабарлады.
Айта кетейік, осыған дейін Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны хабарланған.