Жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жел, тұман және найзағай болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада найзағай соғып, бұршақ жауып, жел болады деп күтіліп отыр.

Өскеменде екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел мен 1 градус аяз күтіледі.

Шымкент, Түркістан қалаларында және Түркістан облысында шаңды дауыл, жел және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Семей қаласында, Алматы, Жетісу, Маңғыстау және Абай облыстарында 15-20 м/с екпінмен найзағай мен қатты жел күтіледі.

Қарағанды, Орал қалаларында, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болады деп болжанып отыр.