Серік Сәпиев Сурдлимпиада ұлттық комитетінің президенті болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол өзіне артылған сенімге алғыс білдіріп, спортты дамытудың маңызын айтты

Фото: Instagram/qazaq_deaf_sport_committee

2012 жылғы Олимпиада чемпионы және бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанның Сурдлимпиада ұлттық комитетінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәпиев өзіне артылған сенім үшін алғыс айтып, есту қабілеті бұзылған адамдар арасында спортты одан әрі дамыту жолында күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

«Ұлттық Сурдлимпиада комитетін басқару мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – спортшылар мен ел алдындағы үлкен жауапкершілік. Біз Қазақстанда Сурдлимпиадалық спортты дайындау және дамыту мақсатында лайықты жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Спортшыларымыз қолдауды сезінуі және халықаралық аренада елімізді абыроймен көрсету мүмкіндігіне ие болғаны маңызды», - деді Серік Сапиев.