Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында жарылыс болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.
Қазақстан президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
Айта кетейік, осыған дейін Иранда портта болған жарылыстан жүздеген адам зардап шеккені хабарланған болатын.