Астанада автобуспен бір күнде 1 млн-нан астам адам қатынаған

Автор: Мөлдір Қазыбай

Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады

Фото: istockphoto.com

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бір күнде 1 млн адам автобус арқылы қатынаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады», - делінген CTS хабарламасында.

2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:

  • 700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
  • қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
  • Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
  • Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
  • 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.

Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.