Құтқарушылар 2006 жылдан бері қолданыста бар ережелерді еске алды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі бағбандарға және саяжай иелеріне аумақтарында от жағуға, қоқыс өртеуге және өрт қаупі жоғары жұмыстар жүргізуге тыйым салынатынын еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, бұл талап жаңадан енгізілген норма емес. Мұндай шектеу 2006 жылдан бері қолданыста бар және оны бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
«Қазіргі уақытта қолданыстағы 2022 жылы бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 174-тармағына сәйкес құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезінде қалаларда, ауылдарда, кәсіпорындарда, саяжай және бақша алаңдарында от жағуға, өрт қаупі бар жұмыстар жүргізуге, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөп өртеуге, сондай-ақ сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін уақытша пештер мен ошақтарды жағуға тыйым салынады», — делінген хабарламада.
Министрлік қолайлы ауа райы жағдайында арнайы белгіленген орындарда және бақылау қамтамасыз етілген жағдайда ғана от жағуға немесе қалдықтарды өртеуге рұқсат етілетінін атап өтті. Мұндай орындар ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Сонымен қатар, мангал (барбекю, гриль) қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет:
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.