«Қыздар қайда?»: Қайрат Нұртас концертінде бойжеткендерді іздеді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Концертінен түсірілген видеоны әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады

Фото: Видеодан скрин

Әнші Қайрат Нұртас концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Концертінен түсірілген видеоны әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Видеодан әншінің қалың тыңдарманының арасынан бойжеткендерді іздегенін естуге болады.

«Қыздар қайда, қыздар?» - деп әнші жанкүйерлеріне көз жүгіртті.

Ал пікір қалдырған желі қолданушыларының басым бөлігі әншіні сүйіп тыңдайтындарын жеткізді.

«Семейдегі концертіңіз жақсы болды», «Қайрат қарапайым, кім фотаға түскісі келеді, бәрін өзі түсіріп, ешкімнің көңілін қалдырмады», «Өзіме осы әнші ұнайды. Керемет өлеңдері», - деп жазды желі қолданушылары.