Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
- Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.