Алаяқтар Димаштың видеосы арқылы алдауға көшті

Автор: Алмас Ерсін

Әншінің бұл бейнежазбаға еш қатысы жоқ

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің атынан қосымшаны жарнамалап жатыр. Бұл туралы әншінің командасы Instagram-да жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың мәліметінше Димаш Құдайбергеннің ақша табуға арналған қосымшаны жарнамалап отырғаны туралы видеоны алаяқтар таратқан. Дауыс пен видео жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған және әншінің бұл бейнежазбаға еш қатысы жоқ.

«Сақ болыңыздар. Күдікті сілтемелерге кірмеңіздер және жалған ақпаратқа сенбеңіздер», - деп ескертті Димаштың командасы.