Резонанс тудырған қылмыс өткен жылы болды
2024 жылдың тамыз айында Ақкөлде екі адам кісі қолынан қаза тапты. Қаскүнемдер үш адамды өлтірмек болған, бірақ біреуі қашып үлгерген. Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысының Ақкөл қаласында марқұмдармен өштескен жергілікті тұрғын танысын оларды өлтіруге көндірген.
«К. екі адамды атып өлтірген, ал үшінші жәбірленуші оқиға орнынан қашып үлгерген», - деп түсіндірді сот.
Алайда алқабилер қылмыс құрамының болмауына байланысты үшінші адамды өлтіруге оқталу бабы бойынша екі айыпталушыны да ақтады.
Олар қалған баптар – адам өлтіруге итермелеу, сөз байласу арқылы екі адамды өлтіру және қаруды заңсыз сақтау бойынша кінәлі деп танылды.
Қылмыс жасалған кезде олар мас болған, бұл үкімді ауырлататын мән-жай ретінде қаралды. Алқабилер сотталушылардың жас балаларының болуын, оқ атқаннан кейін зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізгенін жазаны жеңілдетуші мән-жай ретінде таныды.
Олардың бірі 18 жылға, екіншісі 18,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Әрқайсынан жәбірленушілердің пайдасына моральдық шығын ретінде 20 миллион теңгеден өндірілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.