Той кортежінде жүрген автокөліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Түркістан облысында той кортежі Шымкент – Самара тасжолында жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оларға маневр жасау ережесін бұзып, жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер жасаған және көлік құралдарын пайдалану тәртібін сақтамаған.
«Mercedes-Benz және бес бірдей Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар жүргізушілермен жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.