Алматыда дәмханаға тамақ ішуге келген ер адам түрмеден бір-ақ шықты

Автор: Алмас Ерсін

Ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматыда дәмхана қызметкерлерін балағаттаған ер адамды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттаған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушыны анықтап, ұстады», - деп жазылған Алматы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ол сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан азаматтарға кез келген жанжалды заң аясында шешу қажеттігін ескертті.

«Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады», - дейді ол.