Талдықорғанда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіне құлап кетті

Автор: Алмас Ерсін

Ол баспалдақтың болмауына байланысты өз бетінше шыға алмаған

Фото: ҚР ТЖМ

Талдықорғанда жертөлеге құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Талдықорған қаласында құтқарушылар 1968 жылы туған тұрғынды көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен құтқарып, оны медициналық қызметке тапсырды», - деп жазылған хабарламада.

Ер адам абайсызда жертөлеге құлап, баспалдақтың болмауына байланысты өз бетінше шыға алмаған. Құтқарушылар оны шығару үшін баспалдақты пайдаланды.

ТЖМ азаматтарды абай болуға және төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырды.