Өрт сөндірушілердің арқасында бес адам, оның ішінде екі бала дін-аман
Жезқазған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп жазады жергілікті ekaraganda.kz сайты. Үйдің кіреберісіндегі электр кабелінен ақау шыққаны хабарланып отыр.
«4 маусым күні түскі сағат 12.45-те Жеқазған қаласы, Целинный тұйық көшесінің бойындағы №4 үйден өрт шықты деген қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер келгенде кіреберістің есігі, ағаш төбе және қабырға өртеніп жатты. Өрт шыққан жерден бес адам, соның ішінде екі бала құтқарылды. Қызыл жалын сағат 13.08 кезінде толық сөнген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп жазады сайт.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғын үйдегі өртті 19 өрт сөндіруші 5 техниканың көмегімен сөндірген.