Төтенше жағдай бүгін түс ауа Қарағандының 13-ші шағын ауданында болды
Қарағандыда назардан тыс қалған сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай бүгін Қарағандының 13-ші шағын ауданында түс ауа болды.
Екі жасар бала тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалды.
«Көптеген жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.