Кокаин, меф, кетамин сатқан: үш қылмыскер 7-8 жылға сотталып кетті

Автор: Асыл Арман

Есірткі интернет арқылы сатылған

Фото: Видеодан скрин

Ірі көлемде есірткі сатты деген айыппен Қазақстанның үш азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Атап айтқанда, ҰҚК қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен оның екі сыбайласын ұстады.

Тінту кезінде 4 кг «мефедрон», 14 г кокаин, 500 г ауған гашиші, 15 г кетамин және 200 марка «LSD» тәркіленген.

Тергеу барысында сотталғандардың интернет-алаңы арқылы Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларына аймақаралық есірткі жеткізуді ұйымдастырғанын анықтады.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.