Берденовті атып кеткен жерде түсірілген видео жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Қылмыс орны сары лентамен қоршалған

Фото: Polisia.kz

Желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған жерде түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің хабарлауынша, әкім орынбасарына қала әкімдігі ғимаратының жанында оқ атқан.

Видеодан әкімдік маңында бірнеше полиция көлігі тұрғанын көруге болады, қылмыс болған орын сары лентамен қоршалған.

Бүгін сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын.

Полиция департаменті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.