Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға 19 сәуір күні Талдықорғанда автобустардың бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қоғамдық орында былапыт сөз айту фактісі бойынша полиция қызметкерлері 44 жастағы автобус жүргізушісін анықтап, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деп жазылған Жетісу облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.
Тексеру барысында ер адамның қоғамдық орында былапыт сөздер айтқаны және осы әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.
Полиция қоғамдық орындарда тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салды.