Ол бұған дейін де әкімшілік жазаға тартылған
Қызылорда облысының тұрғыны әйеліне былапыт сөз айтқаны үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс Сырдария аудандық сотында Қазақстан ң ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша қаралды.
«Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы үйінде алкогольдік масаң күйде әйелінің мазасын алып, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған», - деп жазылған Сырдария аудандық соты таратқан хабарламада.
Құқық бұзушының кінәсі сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Ол сот қаулысымен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын алды.