Олар діттеген жерге жеткенше сәбидің жағдайын бақылауда ұстады
Риддер қаласында жаңа туған нәрестеге шұғыл медициналық көмек қажет болып, уақыт санаулы минуттарға дейін қысқарды. Балақайдың өмірін құтқару үшін аспанға ТЖМ-нің «Ми-8» тікұшағы көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шұғыл рейсті «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Олег Алфеев жүзеге асырды. Бортта баланы санитарлық авиацияның арнайы бригадасы алып жүрді. Дәрігерлер обдыс орталығына жеткенше сәбидің жағдайын бақылауда ұстады.
«Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында нәресте Өскемендегі ауруханаға сәтті жеткізіліп, оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.