Жеті адам баспалдақ арқылы құтқарып, тағы 35 тұрғын түтін басқан үйден шығарылды
Ақтөбеде тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан КСК кеңсесі мен электр қалқанынан өрт шығып, 40-тан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жеті адамды баспалдақ арқылы құтқарып, тағы 35 тұрғынды түтін басқан үйден шығарып үлгерген.
«Өрт дер кезінде сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Оқиға тұрғындардың шұғыл эвакуациялануы мен құтқарушылардың кәсіби іс-қимылының арқасында адам шығынысыз аяқталды.