Ол Қайназар ауылындағы демалыс аймағы маңында аяғын сындырып алған
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тауда жарақат алған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы облысының 112 пультіне Қайназар ауылындағы демалыс аймағы маңында ер адам аяғын сындырып, таулы жерден өз бетінше түсе алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Көмек көрсету үшін оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен жедел жәрдем дәрігерлері жіберілді.
ТЖМ қызметкерлері дәрігерлермен бірге оқиға орнына келіп, ер адамды жедел жәрдем көлігіне дейін түсірді. Оны ауруханаға жеткізді.