Астанада караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Бейнебақылау камерасына түсірілген видеодан скрин

Астанадағы караоке-барлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Оқиғағақатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, караоке-барда болған төбелеске қатысы бар тұлғалар анықталып, ұсталған.

«Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция қажетті сараптамалар тағайындалғанын айтты. Істің тергеу барысы Алматы аудандық полиция басқармасы басшылығының бақылауында.