Петропавлда жартылай жалаңаш ер адам көшедегі жұрттың зәресін алды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға 16 сәуірде кешкі уақытта болды

Фото: Видеодан скрин

Петропавлда жартылай жалаңаш жүрген ер адам көшедегі тұрғындардың зәресін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр. Полиция департаменті осыған қатысты мәлімдеме жасады.

«2025 жылғы 16 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласының Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында полицейлер көшеде сырт киімі жоқ және дене жарақаты көрінетін 33 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы ер адамды қаланың медициналық мекемелерінің біріне жатқызады.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.