Ол адал достықтың сырын айтты
Әнші Мақпал Жүнісова «Достарым» атты жаңа әнінің тұсауын кесті. Концерт барысында өнер иесі өз өміріндегі достық туралы ойын айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жылдар өте достардың қатары сирейді екен. Оның сырын кейде түсінемін, кейде түсінбей қаламын. Басыңа күн туғанда достар қашып кетеді екен де, қасыңда әкім жолдасың болса, бәрі жетіп келеді екен. Оны да түсіндім. Сондықтан қиындықта да, қуанышта да достарыңыз адал болып, жандарыңыздан табылсын», - деді әнші ән кешінде.
Мақпал Жүнісованың бұл сөзі әлеуметтік желіде кең тарап, халық арасында түрлі пікір тудырды.