Атысты 20 жастағы жігіт ашқан
АҚШ-тың Флорида штатындағы Таллахасси қаласында орналасқан Флорида мемлекеттік университетінің (Florida State University, FSU) аумағында болған атыстан кемінде екі адам көз жұмып, алты адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Лион округінің шерифі Уолт Макнил хабарлады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, атысты ұйымдастырған – 20 жастағы Финикс Айкнер есімді студент. Ол – осы округтегі шерифтің орынбасары қызметін 18 жыл атқарып келе жатқан Джессика Айкнердің ұлы. Шерифтің айтуынша, күдікті анасының қызметтік қаруын алып кеткен және дәл сол қару оқиға орнынан табылған.
Қаза тапқандардың арасында студенттер жоқ көрінеді, бірақ, жараланғандардың арасында студенттер бар болуы мүмкін, бірақ бұл туралы нақты ақпарат әлі жарияланған жоқ. Қауіпсіздік мақсатында университет басшылығы оқу үдерісін және спорттық іс-шараларды уақытша тоқтатып отыр.
Полициямен қақтығыс кезінде күдікті жараланып, ауруханаға түскен. Оның қазіргі денсаулығы белгісіз.