Астана тұрғындары алдағы жексенбі күні жаппай жүгіретін болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әкімдік хабарлама таратты

Фото: istockphoto.com

Астанада алдағы жексенбі күні жазғы жүгіру маусымның ашылуына орай бұқаралық іс-шара өтетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұқаралық жүгіру іс-шарасы 20 сәуірде елордадағы Ботаникалық бақта Орынбор көшесі жағынан өтеді.

«Жарыстың жалпы қашықтығы 4 км құрайды. Қатысушыларды тіркеу іс-шара өтетін 20 сәуірде таңғы 07:30-дан 09:00-ге дейін өтеді. Басталуы: 9:00.

Қатысушылар саны 1000 адамға жеткен кезде тіркеу жабылады.

Барлық қатысушыға естелік медальдар табыс етіледі, сондай-ақ бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны жоспарланады», - делінген әкімдік хабарламасында.