Доллардың ресми бағамы жарияланды
Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 523,2 теңгені құрап, 1,09 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық Банкі доллардың 17 сәуірдегі ресми бағамы 521,67 теңге етіп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 521,35 теңгеге, сату 523,75 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 519,59 теңгеден сатып алынады, 525,63 теңгеден сатылады.