Ол еңбек демалысында жүргенінде әріптесін соққыға жығып кеткен
Теміртауда 29 жастағы медицина қызметкері әріптесіне соққыға жықты. Жұмыс уақытында олардың арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 13 сәуір күні Теміртау қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету қосалқы станциясында болған. 30 жастағы фельдшер мен оның 29 жастағы әріптесі жұмыс кезінде жанжалдасып қалған. Ер адам оны ұрып-соққан, арасында кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ араздық қарым-қатынастар болған.
Белгілі болғандай, шабуыл кезінде ер адам еңбек демалысында болып, кеңсеге заңсыз кірген. Қазір осы әрекеті үшін қамауға алынды.
«Осы оқиғаға байланысты сол күні қылмыстық іс қозғалды. Емдеу курсы аяқталған соң жанжалға қатысушыларға сараптама тағайындалады. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық жедел жәрдем станциясы демалыс аяқталған соң шабуыл жасаған қызметкерге қатаң тәртіптік шара қолданылатынын хабарлады.
Зардап шеккен фельдшерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген.