Павлодар облысында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, 1 адам қаза болды

Автор: Асыл Арман

Audi-80 автокөлігі мен Sonik мотоциклінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында 16 сәуір күні жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, 1 адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 сәуірде Май ауданы Қаратерек ауылының маңындағы "Курчатов-Атамекен" автожолының 163 шақырымында Audi-80 автокөлігі мен Sonik мотоциклінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген кезде алған жарақатынан қайтыс болды.

«Қылмыстық іс қозғалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады», - делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.