Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясындағы орынбасарларын ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.
Олардың орнына мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович тағайындалды.