$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Ауа райы болжамы жарияланды

Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысында тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Түнде 3 градус аяз болады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. Соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде күндіз найзағай ойнап, тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде батыс пен шығыста 3 градус аяз болады. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды ​​облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, найзағай түсіп, бұршақ жауады, соғатын желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с болады. Шығыста түнде 1 градус аяз күтіледі.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, найзағай ойнайды. Солтүстік және шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік бөлігінде түнде -1 градусқа дейін аяз болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында 3 градус аяз болады. Ақтөбеде түнде 1-3 градус аяз болады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, батыста және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Батыстан солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 3 градус аяз болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Соғатын желдің екпіні 23 м/сболады. түнде 3 градус аяз болады.

Абай облысының орталығында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күн күркірейді, күндіз кей жерлерде қатты найзағай ойнап, бұршақ жауады. Семейде солтүстік-батыстан, күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды; облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік, шығыс, орталықта екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары