Қарағандыда ХҚО жанынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Оқиға кеше қаланың шет тұсында болған

Фото: instagram/sortirovka_official

Қарағандыда жергілікті тұрғындар ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына жақын жерде, Сортировка тұрғын алабында өлі күйінде табылған.

«14 сәуірде қала шетінде орман екпелерінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факті полицияға тіркелді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге қан айналымының жедел жеткіліксіздігі және басқа да аурулар себеп болған», - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.