Астананың 10-сынып оқушысы шахматтан Азия чемпионы атанды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол абсолютті жеңімпаз атанды

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Қазақстандық оқушы Алдияр Аңсат шахматтан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласында Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан мен Қазақстан елдерінің ең үздік шахматшылары жиналды.

Елорда әкімдігінің мәлметінше, Нью-Делиде  өтетін әлем кубогына жолдама алу мақсатында ұйымдастырылған тартысты бәсекеде Астана қаласының Т.Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Алдияр Аңсат қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды.

Он бес жастағы шахматшы енді Үндістанда өтетін әлемдік чемпионатқа қатысады.

Айта кетейік, дарынды оқушының әлемдік аренадағы бұл алғашқы қадамы емес. Алдияр Аңсат осыған дейін де бірнеше мәрте Азия және әлем чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленген.