Синоптиктер болжамы жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жел, қар, жаңбыр, найзағай болады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтауда желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ұлытау өңірінде найзағай, жел, тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғады.
Қарағанды мен Жезқазғанда күндіз найзағай болады.
Ақтөбе облысында 1-3 градус аяз болуы мүмкін.
Қостанай, Петропавл, Алматы, Жетісу, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр, қар, найзағай, жел, үсік күтіледі.