Полиция оқушының жағдайына қатысты түсініктеме берді
Алматыда полиция қызметкерлері Пушкин көшесінің бойындағы аллеяны аралау кезінде Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кәмелетке толмаған қыз Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетімен келгенін айтты. Полиция, дереу оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады – қыз бала заңды өкілдері келгенше қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Қыз баланың ата-анасымен және туыстарымен туыстық байланыстарды нығайтуға және қайталап рұқсатсыз кету жағдайларының алдын алуға бағытталған жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.