Синоптиктер 15-17 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр, найзағай болжанады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
«Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 15 сәуірде Ақмола облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуірде түнде, 16 сәуірде Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы облыстарында және Жетісу облысында болады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман күтіледі.
15-17 сәуірге қараған түндері Батыс Қазақстан облысында, 15-16 сәуірде Атырау, Ақмола, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облыстарында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус аяз болады деп болжанып отыр», - делінген ауа райы болжамында.
Күндіз температуралық фон: