Ерлер мен әйелдер таңертең қандай ас ішуі керек: ғалымдар тың жаңалық ашты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олар зерттеу жұмысына компьютерлік модельдеуді қолданды

Фото: istockphoto.com

Канадалық ғалымдар таңғы асты ерлер мен әйелдер басқаша қабылдауы керек деп есептейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ватерлоо университетінің зерттеу тобы ерлер мен әйелдердің метаболизміндегі айырмашылықтарды анықтау үшін зерттеу жүргізді. Топ бар деректерді қолданған. Олар компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, ерлер мен әйелдердің метаболизмінің үлгілерін жасап шығарған. Негізгі назар әр түрлі таңғы ас түрлеріне – көмірсуларға немесе майлы тағамдарған аударылды.

Нәтижесінде, ер адамдардың денесі көмірсуы жоғары таңғы асты жақсы қабылдайтынын көрсетті, ал әйел адамдар майлылығы жоғары тағамдарға бейім келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, ер адамдар таңғы асқа ботқа, ал әйел адамдар омлет немесе авокадо қосылған тост қабылдаған дұрыс.

Зерттеу тобының жетекшісі Стефани Або дұрыс таңғы астың маңыздылығын былайша түсіндірді:

«Болмашы сияқты болып көрінетін шешімдер, мәселен, таңғы асқа не ішетініміз – денсаулығымыз бен күш-қуат деңгейімізге қалай әсер ететінін түсіну маңызды», - дейді ол.