ҚР ТЖМ түсініктеме берді
Ақмола облысы Зеренді ауданының Садовое ауылында өрт шыққан үйде үш бірдей газ баллоны болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, екі пәтерлі тұрғын үйдің шатыры қызыл жалынға оранған.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар 27 литрлік үш газ баллонын алып шықты. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.