Өзбекстанның әйгілі әншісі қазақтың халық әнін орындап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әйгілі әншінің бұл орындауын жұртшылық ыстық қабылдап, жылы лебіздерін білдірді

Фото: Видеодан скрин

Өзбекстанның әйгілі әншісі Юлдыз Усманова қазақтың «Дедім-ай ау» халық әнін орындап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйгілі әншінің бұл орындауын жұртшылық ыстық қабылдап, жылы лебіздерін білдірді.

«Жарайсың, Юлдыз Усманова. Жұлдызды әнші аман жүр, еш ауырмай 100-ден ас», «Орталық Азияның примадоннасы», «Керемет, тамаша орындау жарайсың», «Менің жастық шағымның жұлдызы», «Дауысы мықты», - деп жазды желі қолданушылары.