Полиция ата-аналарға үндеу жасады
Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Осыған байланысты Полиция департаменті үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін еске салды.
«Мұндай жағдайлар әсіресе қалаларда жиі кездеседі. Көктемгі жылудың басталуымен жазатайым оқиғалар қаупі артады. Елімізде балалардың терезеден құлауының 13 фактісі тіркелді, онда бір бала қаза тауып, ал 12-сі түрлі жарақат алды. Мұның басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы және олардың ашық терезелердің алдында ойнауы. Ашық терезелер мен сенімсіз москит торларының қаупін бағалай алмайтын, яғни 7 жасқа дейінгі балалар бұл қауіпке ұшырауы мүмкін», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Рүстем Жүсіпбеков.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция ата-аналарға қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады: