Шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды
eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy eGov.kz-ке сілтеме жасап.
«Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді», - деп жазылған хабарламада.
Бұрын дипломды тану рәсімі жеке өтініш беруді және қағаз құжаттарды жинауды талап етсе, енді бүкіл процесс онлайн форматта қолжетімді. Бұл өтінішті қарау мерзімін едәуір қысқартып, қызметті пайдаланушылар үшін ыңғайлы етеді.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электронды құжатты алады немесе заңда көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап беріледі.