Қарақат Әбілдина туған күнінде ең қымбат сыйлықты кім жасағанын айтты

Автор: Алмас Ерсін

Аяланың кішкентай жүрегі лүпілдеп, мені қуантқысы келгенін сезу қандай ғанибет, дейді әнші

Фото: karakat_a/Instagram

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында дүркіретіп атап өткен туған күнінде ең қымбат сыйлықты кім жасағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Туған күнімдегі ең қымбат сый тарту – гүл қызымның ән шашуы болды. Осы күнді ерекше күтті өзі. Кішкентай жүрегі лүпілдеп, мені қуантқысы келгенін сезу қандай ғанибет», - деп жазды әнші.

Оның айтуынша Аялаға Ұлжан апасы бір күнде әдемі көйлек тігіп берген, небары үш күн ішінде биді де үйреніп алыпты.