Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері сатылымға қашан шығады

Автор: Асыл Арман

Билеттердің сатылымға қашан шығатыны хабарланды

Фото: instagram.com/onthejlo

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана концерт» компаниясының мәліметіне жүгінсек, мегажұлдыздың ән кешіне арналған билеттер 11 сәуір күні сағат 11:00-де ресми түрде сатылымға шығады.

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттерін www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Айта кетейік, осыған дейін әлемдік жұлдыз әнші Астанада концерт өткізетіні, одан қанша табыс түсетіні хабарланған болатын.