Алматыда 26 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Қазір марқұмның өлімінің себебі мен мән-жайлары анықталып жатыр

Фото: istockphoto.com

Алматыда 26 жастағы ер адамның денесі тұрғын үй кешенінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде марқұмның денесі «Өркен» ТК-ден табылғаны туралы айтылды. Ер адам өзін-өзі өлтірді деген болжам бар.

«Бұл факт бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 26 жастағы ер адамның өлімінің себебі мен мән-жайлары анықталып жатыр», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.