Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 01:40-та тіркелді
Маңғыстау облысының аумағында бүгін, 10 сәуір күні жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 01:40-та Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде болған. Оның эпицентрі Маңғыстау облысының аумағында болған.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,3, энергетикалық класы 9,1 құрады.