Орайлы сәтті күтіп отырған: Ақтауда мейрамханаға арам оймен келген зейнеткер ұятқа қалды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Криминалдық полиция 65 жастағы қала тұрғынын ұстады

Фото: pixabay.com

Ақтауда мейрамханалардың бірінің қонағы екі ұялы телефонды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Полиция оқиғаның видеосын жариялады. Онда егде жастағы ер адам айналасында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, арам ойын іске асырғаны көрінеді.

«Криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдері күдікке ілінген 65 жастағы «М» есімді қала тұрғынын ұстады», - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабында көрсетілген қылмыстық іс шеңберінде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.