Желіде құжатты ауыстыру керектігі туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.
Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.